Емдеудің инновациялық әдістері мен қазіргі заманғы жабдықтар
2016 жылдың 9 айында отадан кейінгі өлім көрсеткіштері 15 пайызға төмендеді. Ем-домның инновациялық әдістері мен заманауи құрылғылар, отадан кейінгі өлім көрсеткіштерінің оңалуына әсер ететін 2 негізгі фактор. Ағымдағы жылы аталған көрсеткіш 15 пайызға төмендеп кетті. Біздің ауруханада барлығы 5 881 адамға ота жасалды.
2016 жылдың 9 айында отадан кейінгі өлім көрсеткіштері 15 пайызға төмендеді.
Ем-домның инновациялық әдістері мен заманауи құрылғылар, отадан кейінгі өлім көрсеткіштерінің оңалуына әсер ететін 2 негізгі фактор. Ағымдағы жылы аталған көрсеткіш 15 пайызға төмендеп кетті. Біздің ауруханада барлығы 5 881 адамға ота жасалды. Хирургиялық белсенділік 7 пайызға артты. Біздің дәрігерлер әлемдік әдіс-тәсілдері отандық клиникаларда жақсы қолданып отыр.
Біз ең мықты деген хирургтардың әдіс-тәсілдерін қолданамыз.
Жыл басынан қалалық клиникалық №7 ауруханасында 10 шақты мастер-класс пен әдістемелік семинарлар өткізілді. Оған алыс және жақын шетелден білікті дәрігерлер шақыртылды. Осындай кездесулердің арқасында көрсетіліп отырған қызметтердің сапасы мен дәрігерлердің біліктілігі артады. Мысалы, Литваның Каунас қаласының Денсаулық университетінен келген профессор, Аримантас Тамашаускас аневризмның емделу жолдарын айтып берді. Бұл – ми тамырларының бітеліп қалған бөлігін клипсаны қолдану арқылы емдеуге мүмкіндік беретін ота. Ол кез-келген маманның қолынан келе бермейді.
Гиссен және Марбург қалалары травматология және ортопедия университеттерінің кафедра басшысы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарының профессоры Рейнхард Шнеттлер біздің дәрігерлерге: «Травматология және ортопедия салаларындағы ауруларды емдеу» тақырыбында дәріс оқыды. Мастер-класстың соңында патциентке күрделі ота жасалды.
Біздің дәрігерлер әлемнің үздік деген ауруханаларымен еңбек етіп, тәжіребие алмасып отырады. Олардың арасында, Германия, Польша, АҚШ пен Оңтүстік Кореяны ерекше атап өткіміз келеді.