№7 қалалық клиникалық аурухананың урология бөлімшесінің басты қызметі - несеп-жыныстық жүйе аурулары (бүйрек, несепағар,несеп қуығы және несеп шығару жолы) және ерлер жыныс мүшесі ағзаларын (қуықасты безі,ен,ен басы) дәстүрлі әдістермен және заманауи малоинвазивті (азжарақатты) технологияларды кеңінен қолданып хирургиялық емдеу.
Бөлімшеде ең заманауи үлгіде жоспарлы (портал бойынша), шұғыл және жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ТМККК) көрсетіледі.
Бөлімшенің даму жолындағы негізгі бағыты:
* көмек көрсету сапасын әріқарай жетілдіру және урологиялық саланың науқастарына қолжетімді медициналық көмек көрсету ;
* дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру ;
* азжарақатты эндоскопиялық емдеу әдістерін жетілдіру және қолдану аясын кеңейту ;
* госпитализациялау мерзімін қысқарту және оңалту уақытын жеделдету .
Қуық тасы ауруларын емдейміз. Бүрек тасы және несепағар тасы; Қуық тасы пайда болуы кезінде трансуретральдық резекция; Бүйрек тасының литротрепсиясын жасаймыз.
Осымен қатар, еркек жыныс жүйе ауруларын емдейміз. Ұма ағзаларына операциялар жасаймыз.

