Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда. Бүгін біздің қызметкерлер емхана аумағын абаттандыру және тазалау мақсатында әдеттегідей сенбілік өткізді.
Сенбілікте аумақты тазарту және қоқыстарды шығару, ағаштар мен жиектерді әктеу, жасыл желектерді күтіп-баптау, жолдар мен аулаларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мақсат – санитарлық тәртіпті сақтау, аурухана аумағын абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар науқастар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау.











