2025 жылдың 22 мамырында №7 ҚКА-ға қарасты емханада дәрігер - эпидемиолог: Әжімұратова Г.Ә. , алдын – алу және ӘПК қызметкерлерінің қатысуымен медицина қызметкерлері арасында кене энцефалитінің алдын алуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, емханада тіркелген науқастарға парақшалар мен брошюралар таратылды.
Кене энцефалиті — бұл вирустық ауру, адамға кене шағуы арқылы жұғады. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды, яғни ми мен жұлынға әсер етеді. Ауру көбіне көктем-жаз мезгілінде тіркеледі, өйткені дәл осы кезде кенелер белсенді болады.
Жұғу жолдары:
1. Кене шағуы арқылы — басты жолы.
2. Жануар сүтін (әсіресе ешкі сүті) қайнатпай ішу арқылы.
3. Сирек жағдайда — кене теріні тікелей шағамаса да, оны қолмен жанасқанда вирус тері арқылы өтуі мүмкін.
Ауру белгілері:
Әлсіздік, қызу көтерілуі (38–40°C)
Бас ауруы, жүрек айну, құсу
Бұлшық еттер ауыруы
Кей жағдайда естен тану, құрысу
Ауыр түрінде: салдану (паралич), кома
Серуендеулерден (жасыл аймақ бойынша) үйге қайтқаннан кейін киімді жақсылап қағып-сілку және денеде кіріп кеткен кененің бар-жоқ екендігін мұқият қарап шығу қажет.



