2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтуіне байланысты Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхана 13 мамыр күні апталық аясында Ашық есік күнін өткізді.
Іс шара аясында емхана мамандары халық арасында отбасын жоспарлау, репродуктивті жүйе ауруларының алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кеңестер, тексерулер және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілер дәрігерлерген жеке кеңестер алып, мазалаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Репродуктивті денсаулық апталығының мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Денсаулық кепілі – хабардарлықтан басталады.
Бұл бастаманың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия екенін атап айтамыз. Алматы қаласы бұл бастаманы белсене қолдады.
Аталған іс шара халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту мақсатында өткізіледі.



