Республикалық деңгейде өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Алматы қаласының 7 қалалық клиникалық ауруханасының жанындағы емханада 2025 ж.14 мамыр күні медициналық қызметкерлердің қатысуымен, уролог - дәрігер Р.А.Ибрагимов несеп-жыныстық жүйесінің ауруларының алдын алудың маңыздылығы туралы дәріс оқыды және тыңдаушыларды мазалаған сұрақтарына жауап берді.