Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасында 2025 жылғы 16 мамырда Адам папилломасы вирусының алдын алу және жатыр мойны обырының алдын алу мәселелеріне арналған медициналық ұйымның акушерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шара барысында медициналық қызметкерлер АПВ ерте анықтау және вакцинацияның ең тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдістің маңыздылығы туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ обыралды жағдайларды емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Әйелдердің гинекологиялық мерзімді профилактикалық тексерулерден өтуі жайында сөз қозғалды. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтауға және скринингтік зерттеулерден өтудің қажеттілігі туралы ақпараттандыруға айрықша назар аударылды.
Іс-шара әйелдердің Адам папиллома вирусы (АПВ) – байланысты қатерлер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау тәртібін қалыптастыруға бағытталған.