Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Алматы қаласы №7 ҚКА жанындағы емханада 2025 жылғы 15 мамырда психолог мамандар «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбына дәріс оқыды.
Іс-шара жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша жұмыс аясында, ерте жүктіліктің ықтимал қатерлері мен салдарлары туралы жастарды хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.
Дәріс барысында жыныстық жетілу ерекшеліктері, ерте жыныстық байланыстың денсаулыққа кері әсері, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу амалдары талқыланды. Өмірлік маңызды жақсы әдеттерді қалыптастырудың және өзінің болашақта сау ұрпақты болу денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Психолог мамандар отбасындағы жасөспірімдермен қазақи тәрбиенің және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша ашық қарым-қатынастың маңыздылығын айрықша назар аударды. Сонымен бірге, қиын өмірлік жағдайларға тап болған жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету және кеңес беру аспектілері қаралды.