Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласындағы № 7 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері терапевт- дәрігер С.С. Калкеева, кардиолог –дәрігер А.К. Аяпова, әлеуметтік қызметкер А.Б. Төлетаева және Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі А.Е. Сәрсембекова қозғалысы шектеулі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғалар мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттерін тапсырды, үй-жайында көшпелі қарап-тексеру жүргізді.
Медицина қызметкерлері АҚ, ЭКГ, қандағы қант мөлшері, холестерин өлшеу, көздің ішкі қысымын өлшеу арқылы профилактикалық медициналық тексеру жүргізді.
Дәрігерлер ардагерлермен әңгімелесу барысында денсаулықтарына байланысты қойған сұрақтарға жауап берді, кеңестер мен ұсыныстар берілді, одан әрі тексерілуге және емделуге жолдамалар берілді.
Ардагерлер, тыл еңбеккерлері медицина қызметкерлеріне емхана тарапынан көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.