Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Бөлімшенің негізгі мақсаты - жедел коронарлы синдромымен түскен науқастарға жедел түрде көмек көрсетіп, коронография жасап, егер тарылған, жабылған тамырлар болса оларға стенд қою операциясы жүргізіледі. Жоспарлы түрдеде медициналық көмек көрсетіледі. Бөлімшеде 20 төсек орналасқан.
2016 жылдан бері 7000 мыңнан астам әртүрлі теріішілік коронарлы стенд қою операцияларымен қоса, түрлі эндоваскулярлық операциялар жүргізілді. Бөлімшеде жүректің қан тамырларына ғана емес бүкіл ағзаның қан тамырларына операциялар жүргізіледі. Аяқ қолдың қан тамырларын, бүкіл ағзаларға баратын қан тамырларды тексеріп, оның патологиясын анықтауға толық мүмкіншілік бар.
Жәнеде бөлімшеде аритмолог мамандары бар. Олар аритмологиялық операциялардың толық түрлерін меңгерген. Жыл сайын әртүрлі шеберлік сабақтары өтіп отырады. Дәрігерлеріміздің деңгейін жоғарылату мақсатында әртүрлі конференцияларға қатысу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар бөлімшенің дәрігерлері алыс жақын шет елдерде тәжірибесін жетілдіріп, жыл сайын ғылыми- тәжірибелік курстарға барып, деңгейін жоғарылатып отырады.