Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Қария жамбас сүйегінің тірегі сынуымен ауруханаға шұғыл жеткізілген. Ота жасар алдында анестезиолог, кардиолог, терапевт және травматологтардан құралған консилиум пациенттің жағдайын жан-жақты бағалап, сүйекті жабық тәсілмен орнына салып, заманауи имплант орнатуға шешім қабылдаған.

«Қарт анамыз биыл маусымда 102 жасқа толады. Оның ағзасы жасы үлкен болғанына қарамастан жақсы жағдайда, созылмалы дерті де жоқ. Ота сәтті өтті, енді ол немере-шөберелерінің қасына үйіне оралады», – деді аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеров.

Қазіргі таңда әже үйіне шығарылып, оңалту кезеңін отбасымен бірге жалғастыруда