Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
2025 жылғы 17-18 мамыр аралығында Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасында «Медицина қызметкері күні» құрметіне орай анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер арасында жыл сайынғы шахмат турнирі өтеді.
Турнирді ұйымдастырушы - Алматы қаласы № 7 қалалық клиникалық ауруханасының Әкімшілігі.
Алматы қаласы мен Алматы облысының медициналық ұйымдарын шахмат жарысына қатысуға шақырамыз!
Талаптар: турнирге әр медициналық ұйымнан 2 адамнан анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер ғана қатыса алады.
Қатысушылар жеке куәлігін, еңбек кітапшасын және бейін бойынша мамандандығын растайтын сертификат ұсынуы тиіс.
Жеңімпаздарға 5 жүлделі орын бойынша дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
Өтінімдер 2025 жылдың 5 мамырына дейін қабылданады.
Турнирге тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
+7 778 279 99 07 (ватсап осы нөмірде) - жауапты тұлға Болат Бахтиярұлы
Өтетін күні: 2025 жылғы 17-18 мамыр
Уақыты: сағат 10:00.
Жиын: Қалқаман ықшам ауданы, 20, Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы