Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

2024 жылғы 14 мамырда Алматы қаласындағы № 7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада халыққа денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ашық есік күні өтті.

Бұл күні барлық пациенттер денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді дұрыс көрсетуге қатысты өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мәселең, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу; еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама және парақ беру; дәрігердің қабылдауына жазылу және т.б.