Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Ұлы Отан соғысы Жеңіс күні құрметіне Алматы қаласындағы № 7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхананың қызметкерлері, аиап айтқанда терапевт, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері, мамандар- психолог, әлеуметтік қызметкер және Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі Ұлы Отан соғысының қозғалысы шектеулі ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар және еңбек майданының еңбеккерлеріне үйлеріне барып медициналық профилактикалық тексеру жүргізді. Қарт ардагерлердің қандағы қант мөлшері мен холестерин, күретамырлы қысымды тексерді, ЭКГ жасады, барлық қажетті талдаулар алынды.
 
Сонымен қатар, емхана әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырып, ардагерлерге мерекелік пакеттер тапсырды. Сондай-ақ, үй жағдайында медициналық тексеру жүргізді, әңгімелесу барысында дәрігерлер ардагерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, денсаулық күтіміне байланысты ұсыныстар айтты. Ардагерлер медицина қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.