“Алматы-біздің ортақ үйіміз” жалпықалалық эко — кампаниясы аясында (8 сәуір – 8 мамыр) Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының қарамағындағы емхананың қызметкерлері медициналық ұйымның аумағын кешенді тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада “Алматы — біздің ортақ үйіміз”науқаны өтіп жатыр. Мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында азаматтық жауапкершілік пен оларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Осы кезеңде қаланың барлық аудандарында түрлі шығармашылық және экологиялық іс-шаралар басталады.
Алматыны бәріміз бірге таза әрі әдемі етеміз!