Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының базасында «Тізе буынын ауыстырудың заманауи аспектілері» тақырыбында ортопед-травматологтардың жетекші мамандарының және шақырылған шетелдік әріптестерінің қатысуымен бірлескен шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағаты аясында жетекші ғылыми қызметкер, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Я.Л. Цивьян атындағы «Новосибирск Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің № 3 травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі В.С. Баитовтың қатысуымен оқыту дәрістері өтіп, көрнекі оталар жасалды.
Шеберлік-сағаты барысында дәрігерлер ортопедияның өзекті саласында және тірек-қимыл жүйесінің созылмалы ауруларында, оларды емдеудің заманауи әдістерінде, осы патологияларды диагностикалау саласында пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті. Өзекті және проблемалық мәселелер талқыланды, тәжірибеден күрделі клиникалық мысалдар қарастырылды, ауыр науқастарға кеңес берілді.
Демонстрациялық оталар жасалды, оған ең күрделі патологиялары бар пациенттер іріктелді.