Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Екі әдіспен тіркелуге болады:
 
 Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тікелей хабарласу, 
 «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
Айта кету керек, пациенттерге жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша науқаннан тыс емханаға тіркелу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ жұмыс немесе оқу орны көшкен және ауысқан жағдайда, медициналық мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде қайта тіркеледі.
 
Жеке тұлғаларды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту алғашқы МСКК-нің негізі болып табылады және мына қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:
 
отбасылық қызмет көрсету принципі;
МСАК аумақтық қолжетімділігі;
МСАК аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан теңқұқылы және адал бәсекелестік.
Еңбек мигранттарын тіркеуге келетін болсақ, ішкі істер органдары беретін уақытша тұруға рұқсат құжат қажет.
 
Тіркеу науқаны тек ӘМС қорының деректер базасында тіркелген медициналық ұйымдар арасында жүзеге асырылады. Қордың сайтында тіркелуге болатын емханалар тізімімен танысуға болады.