Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада ағымдағы жылдың 6 сәуір күні кардиолог дәрігер Айдана Аяпова мен Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі Гүлфайрус Боранкұлова емханаға келушілерге «Инсульт пен инфаркт арасындағы айырмашылық белгілері» тақырыбына дәріс өткізді.
Инфаркт сөз болғанда, жағдайлардың басым көпшілігінде миокард ишемиясы деп қабылдайды. Алайда, инфаркт тек жүрекке ғана әсер етіп қоймай, адам ағзасының өзге де мүшелерін зақымдауы мүмкін: ішек, көкбауыр, бүйрек, бауыр, өкпе, аяқ-қол бұлшықеттері. Ағзаны қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы жүректің қысылуы салдарынан тамыр арнасының тарылуына, қан ұйығы немесе қан тамырларының бітелуіне және гипоксия жағдайында шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты болуы мүмкін.
Инфаркт пен инсульттің айырмашылығы, әдетте біріншісі жүрек ауруы, ал екіншісі бас ауруының белгілерімен білінеді. Дегенмен, бұл болжам қате болуы мүмкін, тек дәрігер ғана аурудың түрін ажырата алады. Инсульт ауруы әдетте мидың қызметіне тікелей байланысты. Дегенмен, жүрек-қан тамырлары аурулары белгілерін, ең болмағанда, қиын жағдайда қырағылық таныту үшін білу керек және адамның жай-күйінің нашарлауын физикалық шаршау мен жүйке тозуына сілтемеу керек. Инфаркт пен инсульт қауіпті және салдары өте ауыр аурулар тобына жатады.
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2966-06-aprelya-etogo-goda-vrach-kardiolog-polikliniki-pri-gorodskoj-klinicheskoj-bolnitse-7-goroda-almaty-ajdana-ayapova-i-meditsinskaya-sestra-kabineta-zozh-gulfajrus-borankulova-proveli-lektsiyu-s-prikreplennym-naseleniem-na-temu-v-chem-raznitsa-insulta-i-infarkta-po-simptomam-2#sigProIde54a729cb6