Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхана ұжымы, атап айтқанда, фтизиатр Өтемұратова Қаракөз Адайқызы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жөніндегі жауапты дәрігер Қалкеева Салтанат Серікбаевна, СӨС кабинетінің психологтары мен медбике, әлеуметтік қызметкерлер «Менің жетістігімнің тарихы» тақырыбында семинар өткізді.
Бекітілген тұрғындар арасында осы тақырып бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Бұл күні барлық емделүшілерге терапевт, фтизиатр, психолог және әлеуметтік қызметкердің кеңесін алуға мүмкіндік болды.
Туберкулез – кең таралған жұқпалы ауру, жаһандық күрделі мәселе.
Қоздырғышы – туберкулез таяқшасы (Кох таяқшасы). Аурудың көзі – туберкулездің жұқпалы (ашық) түрімен ауыратын науқас. Әңгімелесу, түшкіру, жөтелу кезінде қоздырғыштың орасан зор мөлшерін қақырық тамшыларымен қоршаған ортаға бөледі, ол қақырық кепкеннен кейін ұзақ уақыт бойы өміршеңдігін сақтайды, әсіресе жарық аз жерлерде.
Құрғақ қақырық пен әртүрлі заттарда 6-8 айға дейін сақталады. Уақытында оқшауланып, емделмесе, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын әрбір адам жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін.
Туберкулездің белгілері:
- ұзаққа созылған (2-3 аптадан астам) жөтел, асқынған жағдайларда - қан кету;
- ентігу, кеудедегі ауырсыну;
- тез шаршау, әлсіздік;
- тәбеттің төмендеуі, кенеттен салмақ жоғалту;
- күннің соңына қарай температураның жоғарылауы және қызба күйі;
- түнгі терлеудің жоғарылауы.
Медициналық мекемеге ерте емделу және дер кезінде емделу толық сауығудың кепілі болып табылады. Зиянды аурумен күресу ережелерін сақтаған жағдайда туберкулезбен күрес табысты болады.