Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Әлдибекова Ақерке Төлегенқызы бекітілген тұрғындарға «Тоқ ішек обырының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Тоқ ішектің қатерлі ісігі (колоректальды қатерлі ісік) - ерте сатысында симптомсыз болатын онкологиялық ауру. Белгілер 3 және 4 кезеңдерде пайда болады - бұл іштің ауыруы, ас қорытудың бұзылуы, т.б. Дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, шаршау, тәбет және салмақ жоғалуы да байқалады.
Колоректальды обырды ерте анықтау үшін барлық қажетті зерттеулер клиникалық тексерудің бөлігі ретінде жасалуы мүмкін. Бұл тегін және көп уақытты қажет етпейді. Т3ркелген емхана бойынша медициналық тексеруден өтуге болады. Ерте анықтау үшін, тіпті симптомдар болмаған жағдайда да келесі шаралар ұсынылады:
- 40 жастан бастап нәжісті жасырын қанның болуына зерттеу – 2 жылда 1 рет;
- 65 жастан бастап нәжісті жасырын қанның болуына зерттеу – жылына 1 рет;
- 45 жастан бастап фиброколоноскопия жасалады – 10 жылда 1 рет (симптомдар болмаған кезде);
Естеріңізге сақтаңыздар: көптеген ішек ауруларын ерте кезеңде емдеуге және сәтті бақылауға болады. Алғашқы кезеңде заманауи әдістермен емдеу жақсы нәтиже береді. Мамандарға дер кезінде қаралыңыздар!
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2944-to-ishek-obyryny-aldyn-alu#sigProId5b28d4dd1f