Конференцияға Қазақстаннан және алыс/ жақын шетелдің 8 мемлекетінен (Литва, Израиль, Италия, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан) нейрохирургия саласының мамандары қатысты.
Конференцияда заманауи нейрохирургияның өзекті мәселелері талқыланды. Негізгі тақырыптар нейроонкология, инсульт, жұлын және омыртқа патологиялары.Бұл жайында №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық конференцияның міндеттері мен мақсаты – Қазақстанның және шет елдердің жетекші нейрохирургтарының нейрохирургиялық қызметтің қазіргі жағдайын, оның дамуындағы басым бағыттарын айқындау және талқылау. Бұл ретте халықаралық байланыстарды нығайту және жетекші шетелдік клиникалармен тәжірибе алмасу. Түпкі мақсат – нейрохирургия саласында науқастарға практикалық көмек көрсетуді дамыту.
Халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар- Алматы қаласының №7Қалалық клиникалық ауруханасы;
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті (нейрохирургия кафедрасы);
Қазақстандық нейрохирургия ассоциациясы;
Алматы қаласының нейрохирургтар қоғамы.
Екі күндік конференция аясында 4 пленарлық отырыс өтті, қазақстандық мамандар мен шетелдік қонақтар қатарынан 40 спикердің 40-тан астам баяндамалары мен пленарлық баяндамалары тыңдалды. Жұлын нейрохирургиясы бойынша «Жұлынның бастапқы ісіктері: хирургиялық қол жеткізудің ағымдағы және жаңа тәсілдері» атты шеберлік сағаты өтті (Бывальцев Вадим Анатольевич, Ресей Федерациясы).
Конференцияда баяндама жасағандар:
С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ ректоры Марат Едігеұлы Шоранов;
Ұлттық нейрохирургия орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Тынышбайұлы Тынышбаев;
Алматы қаласының №7Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Жадыра Сләмқызы Шерияздан;
№7ҚКА-ның №4 нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ермек Кавтайұлы Дюсембеков;
Профессор Ермек Кавтайұлы Дюсембеков журналистерге берген сұхбатында әлемдегі жетекші нейрохирургтардың мұндай кездесулерінің маңызы зор екенін атап өтті. Нейрохирургия саласындағы мамандар-медицинадағы қарқынды дамып келе жатқан бағыт, жаңа идеяларды, әдістер мен емдеу әдістерін талқылайды, пікірлерімен, тәжірибелерімен бөліседі, осы тәжірибені бір-бірінен қабылдайды. Оның айтуынша, бүгінде нейрохирургтер қажетті жаңа мамандандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген.Мемлекеттік қолдаудың, жергілікті атқарушы биліктің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сонымен бірге, біздің №7 қалалық аурухананың басшылығының арқасында №7ҚКА-ның техникалық базасы тиісті деңгейде заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Литва нейрохирургия орталығының жетекшісі Аримантас Тамашаускас атап өткендей: «Астана қаласында, Алматы қаласында да нейрохирургия саласында үлкен прогресс жасалған. Бұл айқын. Микрохирургияның барлық негізгі реликтері, базалық техникасы, аппаратуралары өз деңгейінде жабдықталған. Сонымен бірге, нейрохирургтардың тәжірибелері шыңдалған».
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы