Алматы қаласы №7 Қалалық клиникалық ауруханасының жалпы ауруханалық жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
№7 ҚКА бас дәрігері, профессор М.Е. Рамазанов өз сөзінде атап өткендей, Президент Жолдауы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызды құжат болып табылады. "Мемлекет басшысы өз Жолдауында құрылымдық экономикалық өзгерістерге ерекше назар аударды, бұл саяси жаңғырудың жалғасы болуы тиіс. Мемлекет барлық адамдар үшін мүмкіндіктер теңдігі мен әділдікті қамтамасыз етеді. Жаңа Жолдауда әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу, атап айтқанда, Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту қажеттіілігі айтылды",- деді өз сөзінде бас дәрігер.
"Ел Президенті атап өткендей, қоғамның үйлесімді дамуы Ұлт денсаулығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл сөзсіз дәлел. Біз – медицина қызметкерлері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бар күшімізді салуымыз керек", - деді Рамазанов. Сонымен қатар, клиника басшысы аудиторияның назарын Жолдауда медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы кешенді жақсартуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдады. Бұл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Манас Рамазанов медицина қызметкерлерінің назарын Президенттің отандық денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дәрігерлерді даярлау жүйесін дәйекті түрде жетілдіруді тапсырғанына аударды. "Бұл шаралардың барлығы еліміздің Президенті атап өткендей, ұлтымыздың денсаулығын сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға бағытталған", - деп қорытындылады №7 ҚКА басшысы.