✅ Алматы қалалық №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шаралар аясында бекітілген тұрғындар үшін ашық есік күні өтті.
✅ Ашық күнге келгендердер жалпы тәжірибелік дәрігерлер, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, невропатолог мамандарына қаралып, кеңес алды. Сондай-ақ, қандағы глюкоза мен холестеринді анықтауға арналған экспресс-тест тапсырып, электрокардиограмма жазуға мүмкіндік берілді.
✅ Сонымен қатар, емхананың медицина қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы