2022 жылдың 5 тамызында «Аманат» партиясының «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінің биыл 1-сыныпқа баратын 145 балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер берілді.
Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету және қызметкерлерді әлеуметтік көмек ретінде ынталандыру.
Айта кету керек, болашақ бірінші сынып оқушылары үшін сыйлықтар аурухананың кәсіподақ ұйымы есебінен сатып алынды.