Француз делегациясының құрамында Страсбург университеттік ауруханаларының бас директоры Гали Мишель мырза, Андрес Жюлетт ханым, CETD ЛОР бөлімінің басшысы профессор Debry, Халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Маринео Анн ханым және халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Киеффер Селин ханым бар. Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге Франция Елшілігінің Қазақстандағы өкілдері қатысты.
Бүгінгі кездесулердің негізгі мәні Денсаулық сақтау саласында, оның ішінде білім беру қызметінде, өзара тәжірибе алмасуда, қызметкерлердің біліктілігін арттыруда және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстандағы ең ірі көп бейінді клиника – №7 ҚКА-ның қызметімен және инфрақұрылымымен танысу мақсатын көздеді.
№7 ҚКА-ның бас дәрігері, профессор Манас Ембергенұлы Рамазанов қонақтарды қарсы алып, клиниканың қызметімен, көрсетілетін медициналық көмектің көлемімен, материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Экскурсиялық-таныстыру бағдарламасы барысында шетелдік әріптестер клиниканың инфрақұрылымын, материалдық жабдықталуын зерттеді.Қонақтар аурухананың бірнеше бөлімшелерінде және оның құрылымдық бөлімдерінде болды.
Страсбург университеттік ауруханаларының делегациясы Алматыға мегаполистің Денсаулық сақтау саласымен танысу және одан әрі ынтымақтастық орнату мақсатында келгенін айта кетейік. Шетелдік мамандар қаланың бірнеше медициналық ұйымдарына барды. Сапарды Eurasia Tower Group ұйымдастырды.
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы