Қазақстанда жыл сайын инсульт дертіне орта есеппен 49 мыңға жуық адам шалдығады. Науқастардың 80 проценті дер кезінде дәрігерге бармай, мүгедек болып қалады екен. Қазіргі уақытта республика бойынша 60-қа жуық инсульттық орталық жұмыс істейді. Дертпен күресте уақытылы ем қаншалықты маңызды болса, оңалту шараларының да пайдасы мол. Ғалымжан Кәрімов Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульт бөлімінде 9 жылдан аса уақыт қызмет етеді. Жас маман бастапқыда тәжірибеден дәл осы бөлімшеде өтіп, білікті профессорлардан тәлім алдым дейді. Ғалымжан Кәрімов, №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульттік бөлімшесінің дәрігері: - Инсульт деген өте жедел көмекті қажет етеді. Сондықтан да қабылдау бөлімшесінде 24 сағат невропатолог кезекші дәрігер отырады. Бөлімшеде бізде 5 дәрігер жұмыс жасайды. Түскен науқастардың барлығы алғашқы тәулікте сол жерде жатады. Бір тәулік дәрігердің бақылауында болады. Инсульт бөлімінде қан тамырлары ауруының емінен бөлек нейрохирургиялық операциялар жасалады. Оңалту қызметі көрсетіледі. Реабилитацияның Бота, PNF сынды әдістері, эрготерапия қолданылады. Олар аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалған пациенттердің өздігінен жүріп тұру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жаттығулар арнайы қондырғылармен жабдықталған кинезиотерапия залында өтеді. - Сәлеметсіз бе, апа! Қалыңыз қалай? Зиягүл Тағыбаева, науқас: - Пациент үшін, менің өзім үшін дәрігерлердің мейірімді жүзі керек. Дәрігерлердің кіріп келген кезде әдемі күлкісімен келіп, «апа, жағдайыңыз қалай» десе соның өзі бізге жетіп жатыр. Менің ойымша, сондай, басқаларды білмеймін. Медицина қызметкерлері әрбір науқастың өмірі біз үшін қымбат, оларды мүгедектіктен сақтап қалу үшін дер кезінде көмек көрсетсек зор бақыт дейді. Тек осы дерттің азаймай тұрғаны қынжылтады. Ғалымжан Кәрімов, №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульттік бөлімшесінің дәрігері: - Бастапқыда 35 төсек орынымен ашылған болатын. Сонымен уақыт өте келе халық санының ұлғайғанына байланысы, қазір 70 төсек орынына дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда инсультпен ауыратын науқастарға жедел түрде көмек көрсетіледі. «Қауіпті дерт жас талғамайды» дейді мамандар. Сол себепті де аурудың алдын алған аса маңызды. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, инсульттың алғашқы белгілері байқалған бойда дәрігерлік көмекке жүгіну керек. Кешенді интенсивті жедел ем ғана инсульттен айықтырып, мүгедектіктен сақтайды. Индира Оразалинова, Радик Жакупов Осы категория бойынша: « Жастар ресурстық орталықтарына жастардың небәрі 5% ғана барады Атырауда саяжайлар қаланың бас жоспарына енгізілетін болды »
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы