- Құрметті әріптестер!
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Медицина қызметкері мамандығы қазіргі әлемдегі ең адамгершілікті және сонымен бірге қиын және жауапты мамандықтардың бірі болып табылады. Біздің жұмысымыз жоғары біліктілікті, таңдаған ісіне адалдықты, шыдамдылықты, қайырымдылық пен мейірімділікті қажет етеді. Қазіргі кезеңде ұлттық денсаулық сақтаудың алдында үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бүгінгі таңда біз үшін абсолютті басымдық емханадан бастап ауруханаға дейінгі барлық деңгейде медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып қала береді. Бұл мақсаттарға жету денсаулық сақтау жүйесіне қатысатын әрбір маманға байланысты. Дәрігерлер, фармацевтер, зертханашылар, мейірбикелер, фельдшерлер, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері – бәріміз бір ғана тапсырманы орындаймыз – халқымызға сапалы медициналық көмек көрсету. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен өзімнің 1500-ден астам қызметкеріме жақсы үйлестірілген командалық жұмысы және халқымыздың денсаулығы үшін қажырлы да жауапты жұмысы үшін алғыс айтқым келеді
Медицина саласының барлық өкілдеріне шын жүректен денсаулық, амандық, отбасылық бақыт және одан әрі кәсіби қызметте табыс тілеймін!
Үлкен құрметпен,
Алматы қаласы «№7ҚКА» ШЖҚ КМК
Бас дәрігері М.Рамазанов
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы