Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Маусымның үшінші жексенбісінде медициналық қауымдастық өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Алматы қаласының №7 ҚКА-да медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ірі көпсалалы клиниканың көптеген ұжымын келе жатқан кәсіби мерекемен №7 ҚКА бас дәрігері, профессор Рамазанов Манас Ембергенұлы құттықтады.
Сонымен қатар, емхана мен аурухананың бірқатар қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 6 нейрохирург және травматолог дәрігер "Алтын Дәрігер" медаліне ие болды, сонымен бірге 2 қызметкер "Мейірім" медалімен және бір дәрігер "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Сондай-ақ Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, "Аманат" партиясы Алматы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының орынбасары және №7 ҚКБ бас дәрігері атынан грамоталар табысталд.
Барлық марапатталған әріптестерді құттықтаймыз!