Үгіт-насихат штабының мүшесі, Наурызбай ауданының құрметті азаматы, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Джұмабай Тәжібаев сайлаушылармен – Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық аурухана емханасының ұжымымен кездесіп, алдағы 5-ші маусым күні өтетін республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді және конституциялық реформаны талқылады.
Кездесу барысында Джұмабай Тәжібаев медицина қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілмек өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын талқылап, референдумға қатысу арқылы белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және өз таңдауын жасауға шақырды. Ол сайлау учаскелеріндегі дауыс берудің белсенділігі мемлекеттің болашағына әсер ететіні сөзсіз екенін атап өтті. Ал референдумға қатысу – әрбір қазақстандық үшін оның дамуына үлес қосу мүмкіндігі.
Жаңа Қазақстанды құрудағы алдағы реформалардың маңыздылығын атап өткен спикер, атап айтқанда: «Егер сайлаушылар референдумда еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізуді қолдаса, онда біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан жаңа, әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз», деді.
№7 Қалалық клиникалық аурухананың емхана ұжымы жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы