Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

ЕИА мақсаты - аурудың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, вакцинациямен қамтуды арттыру. ЕИА іс-шараларын іске асыру халық пен медицина қызметкерлері арасында вакцинацияға деген ынтымақтастық пен сенімді нығайтуға бағытталған.


Иммундау апталығы аясында Алматы қаласының №7 ҚКА емханасының қызметкерлері ата-аналар арасында вакцинацияға бейімділікті қалыптастыру және хабардарлықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізді. Бұл емханаға келушілердің сауалнамасы, "Әмір" жекеменшік жалпы білім беретін мектебі оқушыларының ата – аналарымен кездесу, емхананың мамандары-эпидемиолог, психолог, жалпы тәжіребелі дәрігер ұйымдастырған бекітілген халықтың қатысуымен конференция. Осы іс-шаралар шеңберінде жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ эпидемиялық көрсеткіштер бойынша, оның ішінде COVID-19-ға қарсы қолданылатын вакциналар туралы хабардар ету көзделеді. Вакцинациялардың көмегімен көптеген жұқпалы аурулардан қорғануға, инфекциялардың ауыр ағымы мен асқынулардың пайда болу қаупін азайтуға болатындығы ғылыми дәлелденген.
Азаматтарға вакциналық профилактика бойынша сұрақтарға жауап беру бойынша жедел желі іске қосылды. Келесі нөмірге қоңырау шалуға болады: +7 708 970 71 14.