Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Сұлтанбек Мәкежанов, Дана Нұржігіт және Нұртөре Жүсіп, сондай-ақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Елеусізова, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» фракциясының мүшесі, Алматы қаласы №5 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Болат Садықов жұмыс сапарымен Алматыда №1 қалалық клиникалық аурухана мен №7 қалалық клиникалық ауруханада болды.


Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы мегаполистегі ірі көпсалалы қала құраушы емхана және Қазақстан Республикасындағы ең ірі медициналық ұйымдардың бірі болып табылады. Алматы қаласы мен республиканың барлық аймағының тұрғындарына 16 профиль бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. Құрамында 4 бөлімшеден тұратын нейрохирургиялық орталық, 3-деңгейдегі инсульт орталығы, гемодиализ орталығы, хирургия, урология, гинекология бөлімшелері, қаладағы мамандандырылған жалғыз эндокринология, гематология, нефрология бөлімшелері бар. Клиника құрылымында емхана бар, онда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық көлемі көрсетіледі. Аурухана Қазақстанның жетекші медициналық ғылыми орталықтары мен университеттерінің 17 кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. №7 қалалық клиникалық аурухана тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта клиникаға күн сайын 300-ден астам пациент келеді, пандемия кезінде 500-ге дейін адам, жылына 80 мыңнан астам науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның 25 мыңға жуығы тәулік бойы және күндізгі стационарларда емделеді. Күніне 50-ден 100-ге дейін шұғыл және жоспарлы хирургиялық араласулар жасалады. Аурухана 750 төсекке есептелген.
Емхана заманауи зертханалық, диагностикалық, хирургиялық құрал-жабдықтармен, соның ішінде қымбат тұратын құрылғылармен (ангиографтар, МРТ, КТ аппараттары, операциялық микроскоптар және т.б.) жабдықталған. Емхана орталықтандырылған медициналық оттегімен қамтамасыз етілген. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және одан әрі кәдеге жарату үшін заманауи модуль орнатылды. Емхана медициналық газбен 100% қамтамасыз етілген, әр палатада оттегі пульттері орнатылған.
Сенат депутаттары қаланың денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары аясында 2020-2021жылдар аралығында салынған, барлық санитарлық-техникалық нормалар мен стандарттарға сай келетін No7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің жаңа ғимаратында болды.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері емдеу процесі туралы айтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, сенаторларды медициналық ұйымдардың қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер мен қиындықтар қызықтырды. Кадр тапшылығы, дәрігерлердің ынтасын арттыру мәселелері талқыланды. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту үшін ауруханаға мемлекет тарапынан қандай көмек қажет туралы да сұрақ болды. Аурухананың бірқатар павильондарында да, емхана ғимаратында да, оның ішінде ғимараттардың қасбетінде де күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.
No7 қалалық клиникалық аурухана басшылығы атап өткендей, көпсалалы жедел-жоспарлы емхана 1991 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді, 30 жылдан астам уақыт өз жұмысын бір минутқа да тоқтатқан емес.
Сенаторлар барлық түйткілді мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың назарына ұсынылып, жеке бақылауға алынатынына сендірді.
Сондай-ақ, сенаторлар Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ерлік, кәсіпке адалдық танытқанын атап өтіп, жоғары кәсібиліктері үшін алғыс білдірді. Экстремалды жағдайда жұмыс істей отырып, олар үздіксіз және оған мұқтаж науқастардың барлығына қажетті білікті медициналық көмекті жедел көрсетіп отырғаны атап өтілді.