Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Қазақстанға бірқатар Батыс және Шығыс Еуропа елдерінен БАҚ өкілдері келді. Австрия, Бельгия, Болгария, Италия, Испания, Португалия, Чехия, Словакия, Франция және Эстониядан келген журналистер Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Еуропалық журналистердің Алматыға сапарының басты мақсаты – қаңтар оқиғасы кезінде ең көп зардап шеккен қала нысандарын аралау, оқиға куәгерлерімен кездесулер өткізу.


Баспасөз туры барысында шетелдік журналистерге еліміздегі ең ірі көпсалалы аурухана қаңтар оқиғасы күндері қалай жұмыс істегені туралы объективті ақпарат берілді. Шетелдік баспасөз өкілдерінің сауалдарына №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов жауап берді. Емхананың бас дәрігері атап өткендей, қантардың сол күндері №7 қалалық клиникалық ауруханада емдеу процесі тоқтаған жоқ. Біздің медицина қызметкерлері үздіксіз науқастарды қабылдап, тексерулер жүргізді, алғашқы медициналық көмек көрсетті, жараларды емдеді.
Травматологтар, хирургтар, нейрохирургтер, анестезиологтар, реаниматологтар, медбикелерден құралған жедел операциялық топтар тәулік бойы жұмыс істеп, ауыр жарақатпен түскендерге шұғыл түрде оталар жасалды. Зардап шеккендерге әртүрлі оқ пен пышақ жарақаттары, сынықтар, бас сүйек-ми жарақаттары, ми шайқалу, көгерген жарақаттар арқылы көмек көрсетілді. Кейбіреулеріне жарылғыш зат тиген. Сонымен қатар, 2022 жылдың 4 қаңтарындағы жағдай бойынша біздің емхана бөлімшелерінде 500-ден астам науқас ем қабылдап жатты.
Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың 20 ақпаны мен 26 ақпаны аралығында шетелдік журналистер үшін Қазақстанға пресс-тур өтуде. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына шетелдік журналистердің сапары жоспарланған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық қорғау органдарының басшыларымен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер мен сұхбаттар жоспарланған.