COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізілуде
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының емханасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізілуде.
- Ревакцинация үшін QazVak, VeroCell вакциналары, сондай – ақ 60 жастан асқан адамдарға және медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне Pfizer вакцинасы беріледі.
- Ревакцинацияны коронавирусқа қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған барлық азаматтар жәнеде Қазақстан Республикасының аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетелдік азаматтарда ала алады. КВИ-ға қарсы ревакцинация вакцинацияның 2-кезеңі аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған КВИ-мен ауырған адамдарға COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 3 айдан кейін жүргізіледі.
- Ревакцинация күн сайын, демалыссыз №7 ҚКА емханасында: Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы, 408 кабинет (4 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері-сағат 8: 00 - ден 18:00 - ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері-сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
- Сондай-ақ күн сайын КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізілуде: QazVak және VeroCell вакциналарымен (1,2 компонент), Спутник V вакцинасымен (екінші компонент) емхананың 216 кабинетінде (2 қабат); емхананың 408 кабинетінде (4 қабат) белгілі бір санаттағы адамдарға арналған Pfizer вакцинасымен вакцинация жүргізіледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727) 2476031, +7 707 8602364.