Алматы қаласы No7 клиникалық аурухананың қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды
Алматыда Республика сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиында қызметімен ерекше көзге түскен, елге сіңірген еңбегімен ерекшеленген Алматы қаласының тұрғындарына жоғары мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Марапатталғандар арасында денсаулық сақтау саласының өкілдері де бар.
Қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты атқарғаны үшін бас дәрігердің емдеу (хирургия) жөніндегі орынбасары Байжігітов Қамбар Жұманұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды!
«Шапағат» медалімен бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Әлиев Марат Амангелдіұлы елге сіңірген еңбегі, белсенді еңбегі және мейірімділігі үшін марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз!
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2546-prazdnichnoe-meropriyatie-posvyashchennoe-30-letiyu-nezavisimosti-respubliki-kazakhstan-2#sigProId79cbf39125