БЕКІТУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН БІР АПТАДАН АЗ УАҚЫТ ҚАЛДЫ!
Достар, естеріңізге сала кетейік, 15 - қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайынғы емханаға бекіту науқаны басталды, оның аясында әрбір қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдай алады немесе бұрынғы емхананы ауыстыра алады.
Науқан тек 15 - қарашаға дейін жалғасады.
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, 31 - қазандағы жағдай бойынша емхананы еркін таңдауды 188 мың адам пайдаланған.
Оның ішінде 1 316 адам алғаш рет емханаларға бекітілген.
Республика бойынша барлығы 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар бар.
Бекітілген халықтың 40% - дан астамын, атап айтқанда 7,8 млн адамды ауылдық жерлердің тұрғындары құрап отыр.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу бұл медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінде жоспарлы және шұғыл медициналық қызметтер алудың кепілі болып табылады.
Өзіңізді емханаға бекіте отырып, сіз әрқашан учаскелік дәрігерге хабарласа аласыз, бейінді мамандардан қажетті кеңес ала аласыз немесе жолдама бойынша тегін тексеруден өте аласыз.
Емхананы немесе клиниканы таңдағанда, назар аударыңыз. Міндетті медициналық сақтандыру пакетінде медициналық қызметтерді алу үшін медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының провайдері болуы керек.
Бұл ақпаратты біздің fms.kz сайтындағы «Науқас үшін – емхана таңдау» бөлімдерінен тексеруге болады.
Айта кету керек, бүгінгі күні 643 медициналық ұйым Бекітілген халық тізілімінде (БХТ) тіркелген, оларда 12 948 учаске құрылған.