ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 83% - ДАН КӨБІ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН
Қормен халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 1- шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 83,5% - ы МӘМС-тің қатысушылары болып табылды, бұл 15,85 млн адам. Бұл туралы бүгін кеңейтілген алқа отырысында "ӘМСҚ" КЕАҚ Басқарма Төрағасы БолатТокежанов айтып өтті.
Бұл ретте әлі де бірқатар азаматтар МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Сақтандырылмаған халықтың ең көп саны бүгінде Қостанай (23,2%), Алматы (22,3%), Түркістан (21,8%) және Жамбыл (20,2%) облыстарында байқалуда.
"Бұл халықтың аталған бөлігінің МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігіне байланысты белгілі бір проблемалар туғызады, бірақ ешбір жағдайда олардың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алу құқығын шектемейді", - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.
Стратегиялық жоспарлау және даму агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша бүгінгі күні төрт проблемалық топты бөліп көрсетуге болады – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жалдамалы қызметкерлер, жұмыссыздар мен шетелдіктер.
Атап айтсақ, 2 млн өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың 900 мыңы ғана БЖТ төлейді. 1 млн-нан астам азаматтың МӘМС пакетіне қолжетімділігі жоқ.
Айта кетейік, БЖТ мөлшері қала тұрғындары үшін 2 917 теңгені құрайды, оның 40% - ы немесе 1 166 теңгесі медициналық сақтандыруға беріледі.
Сондай-ақ, ресми деректерге сүйенсек Қазақстанда 6,7 млн жалдамалы қызметкер жұмыс жасайды. Бұл тұрғыда жұмыс берушілер 4,7 млн адамға ғана жарна аударады.
2021 жылы жұмыссыздардың саны 451,3 мың адамды құрады. Мемлекет 195,4 мың адамға ғана МӘМС үшін жарна төлейді. Демек, 255,9 мыңнан астам адам жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелмеген және азаматтардың жеңілдікті санатына кірмеген.
Еліміздің аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да МӘМС бортының сыртында қалып отыр.
"Осыған байланысты, біз тұруға ықтиярхат алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру және ЖТС/азаматтық алғанға дейін соңғы 12 айдың ішінде берешек қалыптастырылмай төлемдер жасалған кезде автоматты түрде сақтандырылу мәртебесін беру үшін Қордың ақпараттық жүйелерін ІІМ ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесін пысықтаудамыз", - деп атап өтті БолатТөкежанов.
⠀
Қор басшысы жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың, Атамекен ҰКП мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының белсенді қатысуы арқылы халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтар жұмысының тиімділігін арттыру қажет екендігін мәлімдеді.