No7 қалалық клиникалық аурухананың кәсіподағы емхана қызметкерлеріне балаларын мектепке жеткізуге көмектесті
2021 жылдың 19 тамыз күні, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Nur Otan партиясының «Аманат №7» бастауыш партия ұйымының төрағасы Манас Рамазанов
2021 жылдың 19 тамыз күні, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Nur Otan партиясының «Аманат №7» бастауыш партия ұйымының төрағасы Манас Рамазанов, «Мектепке жол» акциясы аясында 1-сыныпқа баратын балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға мектепке керекті құрал-жабдықтар мен сөмкелер табыстады.
Акцияның басты мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік көмек ретінде қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған. Жиын санитарлық нормаларды, әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып өткізілді.
Жиын соңында бас дәрігер жалпы саны 135 бүлдіршінге құрал-жабдықтар алынғанын атап өтіп, жаңа оқу жылында оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.