Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
? Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
☝? Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін бекіту тәртібі өзгеріссіз қалады.
❓ Емханаға қалай тіркелуге болады және өтінім бойынша Сізге қанша уақытта жауап беру керек, инфографикадағы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан біле аласыз.
☝? Шетелдіктер мен еңбекші мигранттар үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу қағидалары осы жылдың 15 тамызынан бастап өзгереді.
❓Енді олардың ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы тиіс. Кестеде механизм қалай жұмыс істейтінін көрсеттік.
? Достар, тіркеу немесе қайта бекіту кезінде аумақтық қол жетімділік маңызды рөл атқарады. Яғни, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмек көрсетіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұратын жеріңізде орналасқан емхананы таңдау қажет. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.
✅ Сондай-ақ, емхананы таңдау кезінде оның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатынына немесе табылмайтынына міндетті түрде назар аударыңыз. Бұл өте маңызды, өйткені Сіз ертең МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығыңызды пайдалана алуыңыз осыған тікелей байланысты.
?Тіркеуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қор www.fms.kz сайтында "Емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болатынын ескертеміз.
☝? Және тағы бір өте маңызды сәт!
❗ Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, Сіз онда медициналық көмекті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қана ала бастайсыз. Яғни, 31 желтоқсанға дейін Сізге бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.
?? Ал науқан басталмайынша, медициналық көмектен қол үзіп қалмау үшін өзіңіздің тіркемеңізді тексеріңіз. Мұны тікелей тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы жасауға болады.
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2369-meditsinaly-jym-a-tirkelu-turaly-ne-bilui-iz-kerek#sigProId9d59b49ff5