Дельта штаммының несімен қауіпті екендігін айтты
Жоғары санатты білікті фтизиатр Анна Цепке коронавирустың жаңа түрі – дельта штаммының несімен қауіпті екендігін айтты.
«Дельта» штаммы қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады және өзіндік белгілері бар.
Жұқтырған сәттен бастап жеті күн ішінде адамда клиникалық белгілер тез дамып, ауыр түрге айналуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне келетін болсақ, онда мына жағдайларға назар аудару керек: негізгі белгілер ЖРВИ-ге өте ұқсас (тамақтың ауырсынуы, мұрыннан су ағуы, бастың ауруы). Бұл ретте коронавирустың белгісі ретінде жұрттың бәрі үйреніп қалған иіс сезудің жоғалуы бұл штаммда азырақ сипатқа ие.
Сондай-ақ, дельта штаммын жұқтыру кезінде тыныс алу белгілерінен басқа, іштің ауырсынуына, диареяға, жүрек айну мен құсуға, буындардың сырқырауына назар аудару керек. Мұнда сарапшылар есту қабілетінің жоғалуын және төменгі аяқ тамырларының тромбозының ықтималдылығын да қосады.
Жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Анна Цепке