Алматыда самокаттан құлап, жарақат алғандар көбейді.
Қалалық №7 ауруханаға ағымдағы жылдың мамыр айында самокат қағып кеткен немесе самокаттан құлаған 48 науқас түскен. Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ильдар Құрмаев бұл көрсеткіш жыл сайын артып келе жатыр дейді.