Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
2014 жылғы 20 қыркүйекте №7қалалық клиникалық ауруханасына ресми жұмыс сапарымен Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Абдіқалықова және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келді, жұмыс сапары аясында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен кездесу өткізді.

 

2014 жылғы 20 қыркүйекте №7қалалық клиникалық ауруханасына ресми жұмыс сапарымен Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Абдіқалықова және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келді, жұмыс сапары аясында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласының өзекті мәселелері талқыланды. ҚР Үкіметімен Алматы қаласы тұрғындарын сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету міндеттемелері жүктелді.

Қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекелестік қабылетін көтеру және профилактикалық шараларды күшейту, медициналық қызмет сапасын арттыру қажет„-деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Абдықалықова

Вице-премьер атап өткендей, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің принциптерін имплементациялау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, ол алғашқы медициналық көмек деңгейін, медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету үшін емханалар арасында бәсекелестік үшін жағдайын тудырады.

Алматы қ. Денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында оң өзгерістер болып жатқанын, кейбір мәселерді шешу үшін жергілікті атқарушы билік органдарының қызметін күшейту қажет--деп Гүлшара Абдіқалықова атап өтті. Үкімет делегациясы қала тұрғындарын әлеуметтік және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық ұйымдарға сапалы және уақытылы қызмет көрсету бойынша міндеттер қойды.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің жаңа міндеттерін атап өтті.

Әбдіқаликовтың премьер-министрінің Г.Н орынбасары.