Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары Гүлнар Мұстахимқызы Иксанова ( мәдени-әлеуметтік даму бойынша комитет) және Айткүл Байғазықызы Самакова (экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет ) және «Нур Отан» ХДП фракция мүшелері М.С. Омаров., К. Адильбек Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасына келді. Делегация аурухананы аралау кезінде медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру принциптерімен, клиниканың құрылымыен таныстырылды. Депутаттар трансплантация және гемодиализ бөлімшелерінде болды. Палатада пациентермен тілдесті. Медициналық көмек көрсету деңгейі туралы сұрастырып, өтініштерін тыңдады.

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары Гүлнар Мұстахимқызы Иксанова ( мәдени-әлеуметтік даму бойынша комитет) және Айткүл Байғазықызы Самакова (экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет ) және «Нур Отан» ХДП фракция мүшелері М.С. Омаров., К. Адильбек Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасына келді. Делегация аурухананы аралау кезінде медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру принциптерімен, клиниканың құрылымыен таныстырылды. Депутаттар трансплантация және гемодиализ бөлімшелерінде болды. Палатада пациентермен тілдесті. Медициналық көмек көрсету деңгейі туралы сұрастырып, өтініштерін тыңдады. Бұдан әрі конференц-залда аурухана қызметкерлерімен дөңгелек үстел отырысы болды. Аурухананың бас дәрігері Б.Б.Баймахановтың атқарылған жұмыстар қорытындысы және алдағы жылдарға стационардың даму болашағы туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамада медициналық құрамның еңбек ақысы , дәрігерлер және мейірбикелер сертификациясы, ұйымды аккредитациядан өткізу туралы мәселе көтерілді. Одан басқа, БҰДСЖ аясында науқастарды емдеу және диагностикалау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Баяндамашы Қазақстан тұрғындары үшін БҰДСЖ артықшылығын және жалпы клиниканың дамуына тоқталып өтті. Қалалық ауруханаларға республикалық медициналық ұйымдар деңгейінде жоғары медициналық көмек көрсету мүмкіндігі берілгендігіне тоқталды.Осы басымдығы өмірде жүзеге асуы әрбір қазақстандықтың өміріне оң нәтиже береді. Ол қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу және әлауқатын көтеру мемлекеттік саясаттың басты бағыты екеніне тоқталып өтті. Жарыссөзге Парламенттің Мәжіліс депутаттары Гүлнар Мұстахымқызы Иксанова және Айткүл Байғазықызы Самакова қатысты. Елдің берік әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты екенін атап өтті.

Б.Б.Баймаханов