«Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының «Аманат»
Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасында онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының «Аманат» бастауыш партия ұйымы (БПҰ) төраға орынбасары Мамырқұл Мақсат Болатұлының төрағалығымен ұйымның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстар туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы жиналыс өтті. Жиналыстың күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қарастырылып, БПҰ бюро мүшелері, ұйымның төрағасы және орынбасары сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының кезекті ХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Отырыс барысында Мақсат Мамыркұл биылғы жыл маңызды, ерекше күндерге толы болғалы отыр, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ауруханамыздың құрылғаны қатар келіп отырғандығын атап айтып, халқымыздың денсаулығын сақтау мақсатында бірлесіп жасалған жұмысымыз үшін әріптестеріме алғыс айтамын және медицина саласының дамуына тілектеспін деп жиналыс аяқталды.
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2209-nur-otan-partiyasy-nauryzbaj-audandy-filialyny-amanat#sigProId83c25b6584