Бүгін ҚР ДСМ министрі Алексей Цой бастаған делегация Алматы қаласына жұмыс сапары аясында, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына келді
Бүгін ҚР ДСМ министрі Алексей Цой бастаған делегация Алматы қаласына жұмыс сапары аясында, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына келді. Жұмыс сапардың мақсаты, қала басшылығымен эпиджағдайды талқылау және медициналық мекемелерде Covid-19-бен күрес жұмыстарымен танысу.
Министрлік делегациясымен қатар 7 ауруханаға Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин келді.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысын карантин жағдайындағы стационар жұмыстары, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешені көрсетілді.
Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін айтты.
Денсаулық сақтау министрі клиникадағы маман мәселесіне де тоқталды. Алексей Цой КВИ жағдайы ҚР Президентінің басты назарында екендігін атап өтті. Жұмыс сапары соңында министр КВИ-мен күрес және оның таралуын тоқтатуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.