Брекеттерді орнату МӘМС
Брекеттерді орнату МӘМС пакеті бойынша көрсетілмейді, өйткені тістерді тегістеу эстетикалық міндетке ие және ақылы түрде жүргізіледі.
Алайда, 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық стоматологиялық көмек медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Балаларға тісті жансыздандыру және жұлу, пломба салу, пульпит, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру, ерін және тіл қылтамыры пластикасы, жақ рентгенографиясы және анестезия бойынша қызметтер қолжетімді.
Кішкентай науқастарға жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары болған жағдайда ортодонтиялық қызметтер де қолжетімді.
#фондсоцмедстрахования #медицинаказахстан #правапациента #осмс #гобмп #псмп #медорганизации #медсоцстрахованиевказахстане #бесплатнаямедицина