Медициналық маскаларды қауіпсіз кию ережелері
Өкінішке орай, адамдардың көбі бетпердені қалай тағу керектігін білмейді.
Біз көшеде адамдардың мұрнын жаппай, аузын ғана жауып жүргенін көріп жүрміз. Егер мұрынды жаппаса, онда бетперде жоқ деп есептеңіз. Егер бетперде одан да төмен сырғып, мұрынды да, ауызды да жауып тұрмаса, онда бұны да бетперде жоқ деп есептеуге болады.
Сондықтан медициналық бетпердені қауіпсіз тағу ережелеріне назар аударуды сұраймыз.