Алматылық кәсіпкерлер ауруханаларға көмек көрсетіп жатыр
Жаһанды жайлаған індет әлі бесеңдеген жоқ. Дәрігерлер қатерлі індеттің екінші толқынына әзірленіп жатыр. Осы орайда алматылық кәсіпкерлер де қарап қалмай, оларға көмек көрсетуде.
Жаһанды жайлаған індет әлі бесеңдеген жоқ. Дәрігерлер қатерлі індеттің екінші толқынына әзірленіп жатыр. Осы орайда алматылық кәсіпкерлер де қарап қалмай, оларға көмек көрсетуде. Мәселен, жуырда «Olimpbet» компаниясы ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппараттары мен қорғаныс құралдарын сыйға тартты.
«Olimpbet» компаниясы қалалық №7 клиникалық ауруханаға 4 бірдей жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Бүгінге дейін 5 ауруханаға осындай құрылғының 12 данасын алып берген. Бұдан бөлек, компания 30 мыңнан астам бетперде мен 3 мың медициналық костюм, қажетті дәрі-дәрмек, антисептиктер мен өзге де медициналық заттарды тегін таратқан.
Серікжан Сабырәлиев, қалалық №7 клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
«Olimpbet» компаниясына №7 қалалық ауруханасынан алғысымызды білдіреміз. Ауруханада ӨЖЖ аппараттары жеткілікті.
Америка құрама штаттарында шығарылған құрылғы дәрігерлер үшін өте ыңғайлы. Тек ауруханаларда емес, кез келген жерде пайдалануға болады. Себебі салмағы жеңіл. «Бұдан өзге де ерекшеліктері көп», -дейді дәрігерлер.
Есенай Еспенбетов, қалалық №7 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:
Өте мықты аппарат. Ішінде орыс тіліне аударылған. Бізге ыңғайлы. Мың да бір рахмет осындай көмек көрсетіп жатқанына.
Аурухана қызметкерлері індеттің екінші толқынына сақадай сай дайынбыз дейді. Себебі осындай демеушілердің арқасында қазір жансақтау бөліміндегі барлық орынға жасанды тыныс алу аппараты қойылып, бірнеше айға жеткілікті медициналық заттар жинақталған.