ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой төрағалық етуде.
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы өтуде. Халықаралық жиынның төрағасы болып алғаш рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде, әлемдік денсаулық сақтау саласы үшін өте маңызды бұл шараға төрағалық ету, ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді.
«Халықаралық қоғамдастық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, біз өзге елдермен ынтымақтаса отырып COVID-19 қарсы күресті жалғастырамыз. Қазір Қазақстандағы жағдай тұрақталды, ал коронавирус инфекциясы қайта өршитін болса, арнайы жоспар әзірледік. Мәселен, пациенттер төсек-орын, дәрі-дәрмек және басқа да ресурспен қамтамасыз етіледі. Отандық дәрігерлер халыққа көмек көрсетуге дайын», - деді А.Цой.
Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар аймақтағы және әлемдегі COVID-19 қарсы іс-қимыл мен тәжірибені, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарламаны талқылауда.
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сессиясын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.euro.who.int/…/health-priorities-for-the-europe… @ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/1855-70#sigProIda4697cee10