Бүгін №7 қалалық клиникалық ауруханасы Қала күніне байланысты ерекше шара – алма фестивалін ұйымдастырды...
Бүгін №7 қалалық клиникалық ауруханасы Қала күніне байланысты ерекше шара – алма фестивалін ұйымдастырды. Ақ халат киген дәрігерлер науқастарды емдеумен ғана айналысып қоймай, қоғамдық шараларды өткізуге, қоғамдық маңызды мәселелерде белсенділік танытып келеді.
Алматы қаласының атауы да, тарихы да алмамен тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінгі мерекелік шарада аурухана қызметкерлері құрамында алма қосылған түрлі дәмді тағамдарды ұсынды.
«Алма» тақырыбында арнайы тақырыптық костюмдерін киіп, флешмоб ұйымдастыру – мерекелік жиынға өзшеге леп сыйлады.
«Біз үнемі қоғамдық шараларға қатысып, өз үлесімізді қосамыз. Алматы десе бірден көз алдымызға алма келеді. Алма – қаламыздың басты символы. Сол себепті де бүгінгі мерекеде осы символға баса мән бердік», - дейді №7 ҚКА ұжымы.
Қала күніне байланысты түрлі ауқымды шаралар қала бойынша өткізіліп жатыр. Мыңжылдық тарихы бар Алматының туған күніне медицина қызметкерлері де өзіндік бояу мен ерекшелік қосты.
- Создано: 16 сентября 2017