Мы находимся:Казахстан, г.Алматы, микрорайон «Калкаман»
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

№7 Қалалық клиникалық аурухана-Алматы қаласы бойынша көпсалалы ең үлкен клиника, оның төсек қуаттылығы 1000 орынды құрайды. №7қалалық клиникалық аурухана- 32 құрылымдық бөлімшеден,19 клиникалық бөлімше, 9 параклиникалық және 4 шаруашылық бөлімнен тұрады. Алматы қаласының барлық тұрғындары үшін тегін кепілді медициналық көмек аясында нейрохирургия, жанамаласқан жарақат,нефрология, гематолгия, нейроинсультология бойынша медициналық көмек көрсетіледі.

Әуезов ауданының тұрғындары үшін терапия, хирургия,жарақаттық, гинекология, нефрология, урология бйынша медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана 1991 жылы, төтенще жағдайларға арналған медициналық мекеме ретінде салынды. Бүгінде ол- заманауи емдеу-профилактикалық, жоспарлы және көпсалалы шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйым. Аурухана құрылымының 50% астамы хирургиялық салаға бағытталған.

Нейрохирургия бойынша бас, туа біткен даму аномалияларында, гидроцефалия, ми және жұлынның түрлі жарақаттарында күрделі операциялар жасалады. Нейрохирургиялық патологиялардың аталған түрлері бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша оперативтік емдеу жүргізіледі.

Бұдан басқа, №7ҚКА құрамында «Қалалық созылмалы гемодиализ орталығы», басқаша айтқанда «жасанды бүйрек» орталығы бар.

Орталықта бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі кезінде науқастарға жоспарлы және шұғыл ем жүргізіледі. Реанимациялық бөлімше- қала бойынша ең ірі, 21 орынға есептелген.

№7 Қалалық клиникалық аурухана соғы үлгідегі заманауи жабдықтармен жабдықталған, 2007 жылы Philips фирмасының магнитті-резонанстық томография орнатылды.

Аурухана зертханасы шұғыл қызметтің ауқымы өсуіне байланысты толық қайта жабдықталды. Гематологиялық анализатор қанның жалпы 18 параметрі бойынша 2-3 минутта қорытынды нәтижесін береді, түрлі инфекциялар мен гармон деңгейін зерттеу үшін иммунды-ферменттік анализатор бар.
Инфаркт миокарданы экспресс диагностикалау үшін кардиомаркерлерді (миоглобин және тропанин) анықтау.

2007 жылы Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен шұғыл хирургиялық және жарақаттық көмекті орталықсыздандыру, көп функциялы УДЗ аппаратын, заманауи сандық видеоэндоскоп сатып алу қажеттілігі туындады.

Қазіргі кезде «Шторц» және «Вольф» фирмаларының эндовидеохирургияның лапароскопиялық тіреуіштерінде операциялық араласудың лапароскопиялық және эндоскопиялық әдістері кеңінен қолданылады.

Нейрохирургиялық қызмет ми мен жұлынға операция жасау үшін заманауи операциялық микроскоп «Цейсті» жеке оптикалық жарық жүйесін, жоғары сапалы хирургиялық скальпельді қолданады.

Клиникада хирургиялық және дәрі-дәрмектік емінен басқа, сауықтыру емінің толық жиынтығы жүргізіледі, физиотерапия (ультрадыбыс,лазер, минералды ванна, массаж, ЕФЖ) гипербариялық оксигенация, емдік плазмофарез.

Бүгінде клиникада 1300 жуық адам жұмыс істейді, оның ішінде 250 дәрігер, олардың 2 медицина ғылымдарының докторы, 9 медицина ғылымдарының кандидаты,1-ҚР құрметті дәрігері, 8 денсаулық сақтау саласының үздігі, дәрігерлердің 40% астамында жоғары біліктілік санаты бар.

Алғаш рет эндокринологиялық бөлімшенің базасында «Диабет мектебі» ұйымдастырылды және жұмыс істеп келеді. Мектеп пациенттерді және оның туыстарын диабет аурумен өмір сүру әдетіне, өзіне көмек көрсетуге, өмір салты мен дұрыс тамақтануға үйретеді.

№7Қалалық клиникалық ауруханасы А.Д.Асфендияроватындағы Қаз ҰМУ, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының және өзге де медициналық оқу орындарының 13 кафедраларының клиникалық базасы болып табылады.

№7 ҚКА медициналық қызметі туралы қысқаша кіріспені қорытындылай келіп, аурухана ұжымы жақсы дәстүрлерді негізге алып және медицинаға қалтқысыз қызмет ету үлгісінде, өз ісіне деген адалдық пен пациенттің игілігі үшін аянбай еңбек етуді жалғастырып келеді.